Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Мұрат Бектанов пайдаланылмайтын оқ-дәрілерді қоймалардан әскери полигондарға шығару жұмысын ұйымдастырып, жойылатынын хабарлады.
Оқ-дәрілерді сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қорғаныс ведомствосы 2021 жылғы 30 қыркүйекте үкімет қабылдаған № 964 қаулыны әзірледі.
Оған сәйкес индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қорғаныс министрлігімен бірлесіп, саперлердің күшімен пайдаланылмайтын оқ-дәрілерді қоймалардан әскери полигондарға шығару жұмысын ұйымдастырып, жояды. Тікелей іс-қимыл тәртібін екі министрліктің бірлескен бұйрығы айқындайды.
Қорғаныс министрі 4 қазаннан бастап әскерлерде басталған қорытынды тексеруді сапалы ұйымдастыруға бас қолбасшылар мен қолбасшылардың назарын аударды. Барлық әскери қызметші 3 апта бойы оқыту пәндері бойынша сынақ тапсырып, өздерінің кәсіби біліктілігін растауға тиіс.
Министр бұл оқу жылындағы жауынгерлік даярлықты бағалаудың негізгі құрамдас бөлігі болатынын атап өтті. Әскери бөлімдердің жауынгерлік әзірлігі, диверсияға қарсы және өртке қарсы қауіпсіздігінің жай-күйі де тексеріледі.
«Бағынысындағылар арасында құқық тәртібін сақтауда жүйелі кемшілік болған жағдайда, әрбір лауазымды адамға тәртіптік сипаттағы шаралар, тіпті лауазымын төмендетуге және Қарулы күштер қатарынан шығаруға дейінгі шаралар қабылдануға тиіс», – деді қорғаныс министрі.
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024