04-09-22 |
560 рет қаралған
Қостанай облысындағы өрт салдарынан ер адам көз жұмды.
Қостанай облысындағы өрт салдарынан ер адам көз жұмды

Өрт салдарынан 108 үй мен ғимаратқа залал келіп, 10 адам зардап шеккен.

Қостанай облысындағы өрт салдарынан 86 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлады брифинг барысында төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.

Оның айтуынша, Аманқарағай ауылында үйінділер астынан 1936 жылы туған мүмкіндігі шектеулі азаматтың мәйіті анықталған, деп жазды Sputnik.

«Учаскелік инспектор ауыл тұрғындарын эвакуацилау кезінде оған да хабар берген. Алайда ол эвакуациядан бас тартты. Бұл факті бойынша тергеу жүргізіледі», – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қостанай облысында осымен үшінші тәуілік орман өртеніп жатыр. Бұған дейін өрт салдарынан 108 үй мен ғимаратқа қалал келіп, 10 адам зардап шеккені туралы хабарлаған едік.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.