16-03-23 |
720 рет қаралған
Қытай, Ресей және Иран Оман шығанағында бірлескен әскери жаттығуларды бастады.
Қытай, Ресей және Иран Оман шығанағында бірлескен әскери жаттығуларды бастады

АҚШ саясатына қарсы үш мемлекет Оман шығанағында ауқымды жаттығуды бастады.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, Батысқа бағынбай тұрған үш ел төрт күннің ішінде Оман шығанағында бірқатар теңіз жаттығуын өткізеді. Бұл Америка Құрама Штаттарымен шиеленісті күшейте түспек.

Үштік әскери тәжірибе жинауға арналған бұл жаттығулар «Security bond-2023» деп аталады. Шығанақтағы жаттығу Ресей билігі мен АҚШ арасындағы шырғалаңды күшейтетін сәтпен тұспа-тұс келіп отыр. Ресейдің шабуылдаушы ұшақтары Қара теңіздің үстінде ұшқан Америка Құрама Штаттарының дронын атып құлатқан еді. Қазір қос мемлекеттің арасында дронға қатысты дау шиеленісіп барады.

Ал үш мемлекеттің бірлескен әскери жаттығуының мақсаты – теңіздегі қауіпсіздікті бірлесіп қолдау және оған деген ерік-жігер мен қабілеттілікті одан әрі көрсету, деп жазды Azattyq Ruhy.

«Әскери-теңіз күштері арасындағы практикалық ынтымақтастықты тереңдету», – делінген аталған жаттығу туралы Қытай Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.