Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда дүниеге келген.
1995 ж. – Ш.Есенов атындағы Ақтау политехникалық институты, «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» факультеті.
1995-1997 жж. – «Қазақстан-Ресей сауда үйі» БК, бас директордың орынбасары, экономист.
1997 ж. – Ақтау қаласындағы Салық бөлімі, инспектор.
1997-1998 жж. – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Мұнайгермес» материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өнімді өткізу басқармасының филиалы, 8-ші разрядты инженер.
1998-2006 жж. – «Қарақұдықмұнай» ЖАҚ, мұнай өндіру жөніндегі мастер, пайдалану жөніндегі инженер, кәсіпшілік менеджері.
2007-2014 жж. – энергетика және минералдық ресурстар, мұнай және газ министрліктерінде басшылық қызметтер атқарған.
2015-2020 жж. – «ҚазТрансГаз» АҚ құрылымында ГТЖ басқару жөніндегі басқарушы директоры, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директоры, өндірістік-техникалық департаментінің директоры, бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары.
2020 жылдың 5 наурызынан бастап – ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.