04-04-19 |
4560 рет қаралған
Ф.Шәріпова әлем чемпионы атағын қорғауға ақша таппаған, оған министрлік те, әкімдер де көмектеспеген.
Ф.Шәріпова әлем чемпионы атағын қорғауға ақша таппаған, оған министрлік те, әкімдер де көмектеспеген

Боксшы Фируза Шәріпова IBO нұсқасы бойынша әлем чемпины атағынан және WBC Silver белбеуінен қалай айырылып қалғанын айтты, – деп жазады tengrinews.kz.

Ол әлем чемптоны атағын сақтау қалуға ақша таппаған. Шәріпованың айтуынша, ұйымның ережесі бойынша чемпиондық атағын бір жыл ішінде қорғауы керек екен. Ол үшін боксшы Ева Вальстроммен жұдырықтасуды жоспарлаған. Сөйтіп, қаржыландыруды сұрап, мәдениет және спорт министрлігіне, әкімшіліктерге хат жазған. Өкінішке қарай, қаражат табылмаған.

«Бәрі жақсы болатынына сенімдіміз. Бірақ қаржы мәселесі әлі өзекті. Күн сайын коммерциялық ұсыныс, хаттар жіберіп жатырмыз. Тіпті президентке де хат дайындап қойдық. Мәдениет және спорт министрлігі мен кәсіпкерлерден қолдау күтеміз. Мен
WIBA нұсқасы бойынша әлі де әлем чемпионы екенімді айта кетейін. Оны жақында ғана қорғадым. Ал басқа атақтарымнан айырғаны менің және командамның кінәсі емес деп ойлаймын. Өкінішке қарай, Қазақстанда бізді ешкім қолдамады» депті Фируза Шәріпова.

Боксшы 2018 жылы «жыл адамы» атанған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.