08-07-19 |
510 рет қаралған
Илья Ильин Токиода сегізінші орыннан көрінді.
Илья Ильин Токиода сегізінші орыннан көрінді

Қазақстанның белгілі ауыр атлеті Илья Ильин Токио турнирінде көрсеткен өнеріне баға беріп, 2020 жылғы Олимпиададағы басты мақсатын атады, деп хабарлайды Sports.kz.

«Көрсеткен өнеріме көңілім толды. 170 килограмға азғана жетпей қалды, әлі жұмыс істейтін тұстар баршылық. Жылдың соңына қарай, әлем чемпионатына дейін бәрін реттеуім керек. Егер Олимпиадаға жолдама алсам, онда рекорд жасауға әрекет етемін. 11 шілдеде базаға барып, жұмысқа кірісеміз», – дейді Ильин.

Спортшы жақын арадағы жарыстарға қатысуы туралы да айтып өтті.

«15 тамызда Талдықорғанда Қазақстан халқы Спартакиадасы болады. Сол жерде 172-173 және 210 кг көтеруді жоспарлап отырмын», – дейді атлет.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.