12-08-19 |
1040 рет қаралған
Отандық теннисші Зарина Диас әйгілі Серена Уильямспен бақ сынасады.
Отандық теннисші Зарина Диас әйгілі Серена Уильямспен бақ сынасады

Қазақстандық  теннисші Зарина Дияс АҚШ-тан шыққан белгілі спортшы Серена Уильямспен халықаралық турнирде бақ сынасады, деп хабарлайды Ұлттық олимпийада комитетінің баспасөзбен байланыс бөлімі.

«Мейсонда ( Огайо штаты) өтетін халықаралық теннис турнирінде Cincinnati Masters квалификация финалы аяқталды. Квалификация нәтижесі бойынша АҚШ елінде Қазақстанның атынан Зарина Дияс шығады. (…) Қазақстандық теннисші Америкалық қарсыласын жеңіп, іріктеу бөліміне өтті. Қиын да, шиеленске толы үш сағатқа созылған матчта Зарина Дияс Джессика Пулоны 6:7, 7:6, 6:4 есебімен жеңді. Негізгі сетканың бірінші айналымында Дияс жеке және қостан ойнайтын әйелдер ойынынан олимпиаданың төрт дүркін чемпионы Серена Уильямспен жарысқа шығады», – делінген дүйенбі күнгі ақпаратта.

Сондай-ақ Михаил Кукушкин негізгі сеткаға сәл қалғанда турнирден шығып қалыпты.

«Финал квалификациясында қазақстандық теннисист Михаил Кукушкин үш сетте ресейлік Андрей Рублевқа есе жіберді – 6:3, 4:6, 3:6», – делінген хабарламада.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.