29-07-21 |
230 рет қаралған
Зүлфия Чиншанло мен Игорь Сон елге оралды.
Зүлфия Чиншанло мен Игорь Сон елге оралды

Ауыр атлетикадан Токио-2020 Олимпиадасының қола жүлдегерлері Зүлфия Чиншанло мен Игорь Сон елге оралды. Спортшыларды Алматы әуежайында салтанатты түрде қарсы алды.

 

Алматы облысының тумаларын  жанкүйерлер, журналистер, туыстары мен достары ду қол шапалақпен, үлкен плакаттармен және гүлдермен қарсы алды. Жүлдегерлер кездесу барысында алған әсерлері мен жарысқа дайындықтары туралы айтты.

Қорытындылай келе, спортшылар жанкүйерлермен суретке түсті.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасында ауыр атлет Игорь Сон 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды – екі жаттығудың нәтижесі бойынша ол 294 келі салмақты көтерді. Сонның жүлдесі – Қазақстан құрамасының қоржынындағы екінші медаль.

Ауыр атлет Зүлфия Чиншанло да 55 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанған болатын. Екі сайыстың нәтижесі бойынша Чиншанло 213 килоны көтерді. Жұлқа көтеруде 90, серпе көтеруде 123. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.