22-02-24 |
5320 рет қаралған
Пара беруге итермелеген адвокат сотталды.
Пара беруге итермелеген адвокат сотталды

Алаяқтық және пара беруге итермелеген адвокат сотталды.

Адвокат өз қорғауындағы азаматтардың мүддесінде өкілдік ету барысында, пайда табу мақсатымен бірнеше рет алаяқтық жасап, аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу арқылы жалпы 164,9 млн теңге қаражатты иемденген.

Сотталушы аударылған қаражаттардың өз жұмысы үшін ақысы ретінде алғандығы туралы алқабилерді сендіруге тырысқан, алайда мемлекеттік айыптаушы оның осы қылмыстарды жасағандығын дәлелдеді.

Алқабилер сотының үкіміне сәйкес сотталушы бірнеше рет алаяқтық жасағаны және аса ірі мөлшерде пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Пара нысаны заңсыз алынған мүлік ретінде танылып, мемлекет кірісіне өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.