28-12-18 |
4350 рет қаралған
Қытайда қамалған 13 жастағы қыз елге оралды.
Қытайда қамалған 13 жастағы қыз елге оралды

Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өңірінде кінәсіз қамалған 13 жасар қыз Динара Ерғали елге оралып, ата-анасымен қауышты деп жазады Халықаралық Құқықтық Бастама  өзінің facebook парақшамында.

Қытайдағы балалар лагерінде сегіз ай қамауда отырған кішкентай қыз Халықаралық ұйымдардың көмегімен босатылып шыққан.

«Біз БҰҰ-на жедел көмек сұрап, арнайы сұраныс жібергеннен кейін Адам құқықтары бойынша Жоғарғы Комиссарының құрылымдары іске араласқанда, Қытайдағы жергілікті билік Динара мен оның ағасы Ербол Ерғалиді екеуін лагерден босатып, Динараны ата-анасына қайтарды, өйткені, кішкентай қызды ата-анасынан айырып, мәжбүрлі түрде ұстау барлық балалар құқықтарын өрескел бұзады» -деп жазылған хабарламада.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.