30-10-20 |
720 рет қаралған
Kaspi банк бөлімшесін тонағандар ұсталды.
Kaspi банк бөлімшесін тонағандар ұсталды

Kaspi банк бөлімшесіне жасалған қарақшылық шабуылдың беті ашылды, деп хабарлайды  Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен 1985, 1986 және 1992 жылы туылған үш ер адам ұсталды. Күдіктілер – С. және У.есімді азаматтар Алматыда қалалық криминалдық полиция жедел уәкілдерімен ұсталды.

Үшінші күдікті дәл қазір  Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының ПД қызметкерлерімен ұсталды.  Заттай дәйектер – ұрланған қаражат тәркіленіп, ҚР ҚК-нің  192 бабы, 3 бөлімі бойынша Алмалы аудандық полиция Басқармасының тергеу жүргізген қылмыстық іс материалдарына тіркелген.
Қаскөйлер қолданған аңшы мылтығы солардың біріне тиесілі екендігі анықталды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.