30-12-23 |
11850 рет қаралған
Шенеунік зейнеткер әйелді аса қатыгездікпен өлтірді.
Шенеунік зейнеткер әйелді аса қатыгездікпен өлтірді

Солтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің 28 жастағы қызметкері өзі жалдап тұрған пәтердің егесі – зейнеткер әйелді аяусыз өлтірді. Ер адам 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Михаил Малеев Солтүстік Қазақстан облысы статистика департаментінің маманы болып жұмыс істеген әрі әйелімен бірге Петропавлда 64 жастағы зейнеткердің пәтерін жалдап тұрған. 25 мамырда ер адам зейнеткерге төлем төлеу уақытын кейінге шегере тұруды сұрайды, бірақ алда-жалда бас тартса деген оймен өзімен бірге пышақ жасырып ала келеді, делінген іс материалдарында, деп жазады «Неделя» басылымы.

«Өз ұсынысын қабыл алмаған соң ер адам пышақты алып, аса қатыгездікпен зейнеткердің кеудесіне, қарын және желке тұсына бірнеше рет соққы береді. Сілтелген пышақ әбден бүлінген соң сотталушы ас үйден басқа пышақты алып келіп, алдындағы әрекетін жалғастырады», – деп басылымы қылмыстық іс материалдарынан үзінді келтіреді.
Осыдан кейін ер адам жәбірленушінің басын аяғымен теуіп, үйге алкоголь шашып, өртеп жібереді. Өзі қашып кетеді, деп жазды Zakon.kz.

«Жәбірленуші оқиға орнында жан тапсырды. Сарапшылар қорытындысына сәйкес, өлімнің себебі өкпе мен бауырдың зақымдануы, кеуде мен қарынның бірнеше жерден тесілуі, көп қан жоғалту, сондай-ақ ашық ми жарақаты, бас сүйектің сынуы», делінген іс материалдарында.

Өткен жылдың қазан айында 28 жастағы Малеев сот алдында жауап берді. Процесс барысында сотталушы кінәсін мойындап, бірақ аффект жағдайында зейнеткерді өлтіріп алғанын айтты. Болжам бойынша, әйел оны әбден қорлап, ашу-ызасына тиген. Бірақ сот мұндай айғақтарды ескерген жоқ.

Прокурор Михаил Малеевке 17 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады, ҚР ҚК-нің 99-бабына сәйкес, оның әрекеттері «ерекше қатыгездікпен өлтіру» санатына жатқызылды. Сот Малеевті 11 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады.

Бір күн бұрын Петропавлда үш адамның денесі үйінен табылғаны белгілі болды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.