Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазақстан КТК арқылы мұнай экспортының жартысына жуығын жоғалтты

/
Қазақстан КТК арқылы мұнай экспортының жартысына жуығын жоғалтты
Сурет: Envato Elements

2026 жылғы қаңтарда Қазақстанның Каспий мұнай құбырлары консорциумы (КТК) терминалы арқылы мұнай экспорты күрт қысқарды деп жазды Bloomberg. CPC Blend маркалы мұнай жеткізілімдері күніне 800–900 мың баррельге дейін төмендеді. Бұл желтоқсан ортасында жоспарланған көрсеткіштерден 45% кем , деп хабарлайды Arasha.kz.

«Трейдерлер жоспарланған 45 жіберілімнің кемінде 21-ін тоқтатты. Терминалдағы ақаулар нарыққа әсер етіп, бағаның өсуіне итермеледі. Соңғы уақытта CPC Blend партиялары Dated Brent бағасына 1,2 доллар премиямен саудаланды, ал күтілген диапазон 60–80 цент болатын», — делінген хабарламада.

Жеткізілімдердің қысқаруы бірнеше факторға байланысты. Қарашада дрондардың шабуылынан кейін бір қосалқы причал құрылғысы жұмыс істемей қалды. Екінші причал жоспарлы жөндеуде, оны желтоқсанға дейін аяқтаймыз деп уәде еткен. Алайда Қара теңіздегі дауылдар жүктеуді жиі тоқтатып, жұмыстардың аяқталуына кедергі келтіруде. Яғни терминал үзіліспен жұмыс істеп тұр.

Агенттік деректеріне сәйкес, КТК мұнай қоймалары толып кеткен. Соның салдарынан құбыр жүйесі өндірушілерден мұнай қабылдауды уақытша тоқтатты. Экспорт көлемін бұрынғы деңгейде сақтау үшін Қазақстанға кемінде екі жұмыс істеп тұрған причал құрылғысы қажет (үшіншісі резерв ретінде пайдаланылады).

КТК Қазақстан мұнайын жеткізудің негізгі маршруты болып қала береді. Ел күніне шамамен 1,8 млн баррель мұнай өндіреді, бірақ баламалы маршруттар арқылы бұл көлемнің жартысын ғана шығару мүмкін.