06-07-22 |
1790 рет қаралған
Ауғанстан Өзбекстан аумағына 5 бірдей снаряд тастады.
Ауғанстан Өзбекстан аумағына 5 бірдей снаряд тастады

Өзбекстан территориясына Ауғанстан аумағынан 5 зымыран түсті. 

Бұл туралы Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. 

«2022 жылғы 5 шілдеде сағат 16:20 шамасында Өзбекстанмен шекаралас аумақта Ауғанстан аумағынан ұшып шыққан бес зымыран тасығыштың құлағаны тіркелді», – деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство снарядтар құлаған кезде ешқандай жарылыс болмағанын, нәтижесінде адам шығыны мен қираулар болмағанын атап өтті. Термездегі төрт жеке тұрғын үйге шамалы зақым келтірілді, бесінші снаряд футбол алаңынан табылды.  Табылған снарядтар сапер бөлімшесінің көмегімен залалсыздандырылды.

Қазір Өзбекстанның құзырлы органдары ауған жағымен бірлесіп оқиғаның себептерін анықтауда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.