27-06-22 |
1160 рет қаралған
БАҚ: Ресей Киевтегі тұрғын үйлерге шабуыл жасады.
БАҚ: Ресей Киевтегі тұрғын үйлерге шабуыл жасады

Жексенбіде ресейлік әскерилер Киевке әуеден соққы жасады.  Украина үкіметі шабуыл қайталануы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды BBC.

Киевтегі жарылыстар Беларусьтен зымырандардың ұшырылғаны туралы ақпарат келгеннен кейін болған. Зымырандар көп қабатты тұрғын үйдердің біріне түсіп, салдарынан бір адам қаза тапқан. 

“Достар, Шевченко ауданында бірнеше жарылыс болды. Құтқарушылар мен жедел жәрдем оқиға орнына келді. Жарақат алғандар өте көп, қазір үйінділердің астында қалған тұрғындарды құтқаруға атсалысып жатырмыз”, – дейді Киев мэрі Виталий Кличко. 

Киевте оқиға орнына жеткен құтқарушылар үйінді астынан 7 жасар қызды және оның 36 жастағы анасын алып шыққан. Әйел – Ресей азаматы. Алайда қыздың әкесі көз жұмған болуы мүмкін дейді олар. 

Украина президентінің кеңсесінің хабарлауынша, ресейлік әскерлер Украинаның инфрақұрылымдық нысандарына, сондай-ақ Чернигов, Харьков, Луганск және Донецк облыстарындағы тұрғын үйлерге шабуыл жасаған. Бұған дейін сенбі күні Ресей Ровно облысының Сарный қаласындағы азаматтық инфрақұрылымға жасаған шабуыл салдарынан төрт адам көз жұмды. 

Тұрғын үйлерден бөлек зымырандардың бірі балабақша аумағына түскен. Бұл туралы Украинаның ішкі істер министрі Антон Геращенко мәлімдеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.