04-07-18 |
3360 рет қаралған
Герман Греф: «Астана» халықаралық қаржы орталығы – батыл жоба.
Герман Греф: «Астана» халықаралық қаржы орталығы – батыл жоба

Астана» халықаралық қаржы орталығы жобасының жүзеге асатындығы  туралы ешбір  күмәнға қарамастан, бүгінгі таңда оның барлық алғышарттары дайын.  Бұл туралы Ресей Сбербанкінің Президенті және Басқарма Төрағасы Герман Греф мәлімдеді.

Оның пікірінше, Астана» халықаралық қаржы орталығы – Президент пен Үкіметтің абсолюттік қолдауына ие, ТМД аумағындағы ең өршіл және батыл жоба.

«Біздің «Бизон» еншілес компаниямыз киберқауіпсіздікпен айналысады және біз Астана» халықаралық қаржы орталығында өз кеңсемізді ашуға дайынбыз. Бұл шешім инвесторлар үшін барлық алғышарттар мен мүмкіндіктерді зерделеудің нәтижесінде директорлар кеңесінде қабылданды. Қазіргі таңда осында орналасуымыздың алғашқы қадамдары жасалуда», – деді Герман Греф.

«Сбербанк» басшысы «Қазақтелеком» АҚ мысал ретінде келтіре отырып, «Бизон» компаниясы Қазақстанның компанияларымен бұрын да бірге жұмыс істегенін атап өтті.

«Мен осы республиканың және орталықтың басшылығына осы бір батыл идеяны жүзеге асыруда сәтті бастау мен табысқа жетуді тілеймін», – деп қорытындылады Герман Греф.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.