24-05-18 |
6250 рет қаралған
Иран Еуроодаққа ультиматум қойды.
Иран Еуроодаққа ультиматум қойды

Иранның рухани көсемі Еуропаға ядролық шартқа қатысты ультиматум қойды. Аятолла Әли Хаменеи алты шартын атады. Олар рухани көсемнің сайтында жарияланды, – деп жазады centralasian.org

Хаменеи еуропалық банктердің Иранмен байланысын үзбегенін, Еуроодақ елдері Иранның мұнайы саудасына кепіл болуын талап етті. Бұған қоса Иран Еуроодақтан келіссөздерде Иран ядролық бағдарламасын сөз етпеуін талап етті. «Еуропалықтар біздің талаптарымызды орындамаса, Иран ядролық белсенділігін қайта бастайды», – деді Хаменеи.

8 мамырда АҚШ президенті Дональд Трамп Құрама Штаттардың Иранмен ядролық келісімнен шыққанын жариялады. Артынша-ақ Вашингтон Тегеранға қатысты санкцияларын кеңейтті. Еуроодақ елдері, Ресей және Қытай Трамп шешімін сынға алып, келісім шарттарын сақтайтындарын мәлімдеді.

2015 жылы Ұлыбритания, Германия, Қытай, Ресей, Франция және АҚШ бір жақ болып Иранмен ядролық келесімге отырды. Сол арқылы Тегераннан АҚШ пен Еуроодақтың экономикалық санкциялары алып тасталынды, ал Иран ядролық бағдарламасын тоқтатты.

Дереккөз: centralasian.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.