
ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің інісі Нұрлан Мәсімов аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілігіп, іздеу жарияланды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
«Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы полиция генерал-майоры Н.М. Мәсімовке қатысты аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады (Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша).
Осы факті бойынша оның іс-әрекеті сырттай сараланып, тергеу соты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасымен санкциялады.
Қазіргі уақытта Н.М. Мәсімовке іздеу жарияланды, іс бойынша оның орналасқан жерін анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары және істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізілуде», – делінген ақпаратта.
Биыл қаңтар оқиғасынан кейін Нұрлан Мәсімов Павлодар облысы полиция департаменті басшысы қызметінен босатылған еді. Ол Кәрім Мәсімовтің немере інісі болып келеді.
-
25.02.2025
-
25.02.2025
-
25.02.2025
-
25.02.2025
-
25.02.2025
-
25.02.2025
-
25.02.2025
-
25.02.2025
-
25.02.2025