16-04-24 |
4230 рет қаралған
Бородулихада прокуратураның араласуымен 8 тендердің конкурсы күшін жойды.
Бородулихада прокуратураның араласуымен 8 тендердің конкурсы күшін жойды

 Бородулиха ауданы прокуратурасының наразылығымен 545 млн теңгеге 8 мемлекеттік сатып алу тоқтатылды.

Заңнаманы бұза отырып, ауданның жергілікті атқарушы органдары көшелерді жарықтандыру жүйелері мен басқа да құрылыстарды салуға конкурстар ұйымдастыру кезінде сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттаманың орнына сметалық есептеулер әзірледі.

Басқа жағдайда, орташа жол жөндеу конкурсының техникалық сипаттамасында жергілікті атқарушы органдар әлеуетті өнім берушіге жоғарылатылған талаптар қойды. Осыған сәйкес өнім берушінің иелігінде немесе жалдауында аудан аумағында асфальт-бетон зауыты болуы қажет болды. Бұл кәсіпкерлердің байқауға қатысуына кедергі келтірді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.