20-03-24 |
16920 рет қаралған
Дариға Назарбаева «Дикий Арманды» түрмеден босатып алған – экс-депутат.
Дариға Назарбаева «Дикий Арманды» түрмеден босатып алған – экс-депутат

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы, парламенттің экс-депутаты Дариға Назарбаева қылмыс әлемінің серкесі («Дикий Арман» лақап атымен аталған) Арман Жұмагелдиевті қорғаштап, өзі түрмеден құтқарды, деп хабарлады мемлекет қайраткері – Жоғарғы Кеңес пен Мәжілістің бірнеше шақырылымының депутаты Амалбек Тшан «Қазақстан демократтары» YouTube арнасына берген сұхбатында.

«2000 жылдардың ортасында мен «Дикий Арманды» кездестірдім, олар бір топ адаммен менің жиенімді, әпкемнің ұлын ұрып-соқты. Мен ол кезде депутат едім, прокуратураға жүгініп, біз оны қаматтық. Бір жайт әлі есімде – ол полиция бөлімшесіне қамалған кезде, жексенбі күні осы ауданның прокуроры спорттық костюммен жүгіріп келіп: «Оны босатыңдар!» деген. Сыбайлас жемқорлық билікте, әсіресе құқық қорғау органдарында өте меңдеп кіріп алған. Бірақ ол кезде Жүргенбаев облыс прокуроры болды, мен онымен хабарластым, сондықтан ол қамалды. Дегенмен, соңында Дариға Назарбаеваның тікелей араласуымен «Дикий Арман» бостандыққа шықты», – деді Тшан.

Ол парламентте «Дикий Арманға» және оның билікпен байланысына қатысты мәселе көтергенін атап өтті.

«Егер «Дикий Арман» сияқты қарақшылардың билікпен байланысы болса, біз қандай халықпыз? Билік мұндай қарақшылардың соңынан ерсе, біз қайда барамыз?» – дейді мемлекет қайраткері.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.