27-05-24 |
8500 рет қаралған
Өзі тілінен тапқан шығар: Бишімбаевты ұстаған полицейлер жазаланды.
Өзі тілінен тапқан шығар: Бишімбаевты ұстаған полицейлер жазаланды

Азаматтық некедегі әйелін өлтірді деген күдікпен Қуандық Бишімбаевты ұстаған екі полиция қызметкеріне сөгіс жарияланды.

Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты сот отырысы кезінде полицейлердің күдіктіні ұстау сәтінің видеосы көрсетілді.

Онда полиция қызметкері Қ. Бишімбаевтан «өзі тілінен тапқан шығар?» (Әңгіме Салтанат Нүкенова туралы) деп сұрайды.

Бұл факт бойынша қызметтік тергеу басталған еді.

Сонымен қатар оқиға орнында болған басқа қызметкерге де тексеру тағайындалды.

Бейнежазбадан оның күдіктімен бірге көшеде темекі шегіп, жерге түкіргенін байқауға болады.

Бүгін Ішкі істер министрлігі екі тәртіп сақшысына қатысты тергеудің аяқталғанын хабарлады.

«Аталған факті бойынша Астана қаласының полиция департаменті жүргізген қызметтік тергеу аяқталды. Құқық қорғау қызметі туралы заңның 19, 56-57-баптарына сәйкес, сондай-ақ тәртіптік комиссияның шешімімен қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін патрульдік полиция полкі қызметінің инспекторына сөгіс жарияланды», – делінген хабарламада.

Одан бөлек, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-2-бабының талаптарын бұзғаны үшін (жалпы пайдалану орындарын ластау) Астана қаласының полиция департаменті Есіл ауданының жедел уәкіліне қатаң сөгіс жарияланған.

Еске сала кетейік, Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.