11-04-24 |
5810 рет қаралған
ҚМА бөгеттер мен су қоймаларын салу және күтіп ұстаудағы бұзушылықтарды тергеуде.
ҚМА бөгеттер мен су қоймаларын салу және күтіп ұстаудағы бұзушылықтарды тергеуде

Алматы, Ақтөбе және Ұлытау облыстарындағы бұл нысандар халықты су тасқынынан қорғауы керек.

Қаржы мониторингі агенттігі Қазақстанның үш облысында селден қорғайтын бөгеттер мен су қоймаларын салу және тиісті жөндеу жұмыстарын жасау, сондай-ақ өзен арналарын кеңейту бойынша жұмыстарды жүргізуі тиіс мердігерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Ведомствоның ресми өкілі Әлібек Әбділов түсіндіргендей, бұл шаралар су тасқыны кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалуда.

Мәселен, Алматыда ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Каселқорғау» мемлекеттік мекемесімен келісімге келген мердігер ұйымның директоры бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Тергеу барысында анықталғандай, жауапкершілігі шектеулі серіктестік Ақсай өзені алабында сел ұстайтын бөгет салу жобасын жүзеге асырған.

«ЖШС жауапты тұлғалары алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде бір топ адам бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Алдын ала келтірілген шығын көлемі 775 млн теңгені құрайды», – деді Әбділов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.