11-07-24 |
14040 рет қаралған
“Семей орманы” филиалының директоры ұсталды.
“Семей орманы” филиалының директоры ұсталды

“Семей орманы” мемлекеттік орман табиғи резерваты филиалдарының бірінің директорының басшылығымен әрекет еткен қылмыстық топтың қызметіне тосқауыл қойды. Орманды жымқырды деген күдікпен полицияға 20-дан астам адам жеткізілді.

Өткен жылдың жазында орын алған ауқымды өртке байланысты Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына орманды заңсыз кесуге және ағаштарды ұрлауға қарсы күрес шараларын күшейтуді тапсырды. ІІМ аталған тапсырманы орындау аясында осы саладағы қылмыстық схемаларды анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

– 9 шілдеде Абай облысының аумағында ІІМ және ҰҚК жедел уәкілдері прокуратураның үйлестіруімен “Семей орманы” мемлекеттік орман табиғи резерваты филиалдарының бірінің директорының басшылығымен әрекет еткен қылмыстық топтың қызметіне тосқауыл қойды. Орманды жымқырды деген күдікпен полицияға 20-дан астам адам жеткізілді. Тінту жүргізіліп, ұрланған ағаштардың ондаған текше метрі, ағаш өңдеу станоктары, ақша және құжаттар тәркіленді. Филиал директоры мен қылмысқа қатысушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Сондай-ақ күдіктілердің лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, мүлікті жымқыру фактілеріне қатысы бар-жоғы тексеріледі. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

 – Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар айында Павлодар облысында “Ертіс орманы” республикалық мемлекеттік мекемесінің директорының басшылығымен әрекет еткен қылмыстық топ ұсталған болатын. Күдіктілерге қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету, мүше болу фактілері бойынша іс тергелуде. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, – деді Қуандық Алпыс.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.