18-07-22 |
1720 рет қаралған
Сот экс-әкім Бақауов ісін қайта қарады.
Сот экс-әкім Бақауов ісін қайта қарады

Павлодар облысының экс-әкім Болат Бақауов жол апатына қатысты істе жәбірленуші болғанын айтып, кінәліден 3 миллион теңге моральдық шығынды өндіруді сұрап, сотқа арызданды.

Екібастұз қалалық сотында Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов зардап шеккен жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Жол-көлік оқиғасына қатысушылардың бірі – Қуат Бұламбаев 345-баптың 1-бөлігі бойынша (Автомобильді басқаратын адамның абайсызда адам денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзуы) кінәлі деп танылды. Оған 91 890 теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ ол екі жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Бұл ретте, жеңілдететін мән-жайлар ескерілгендіктен, экс-әкімнің өтемақы өндіру туралы азаматтық талап арызы сотта ішінара қанағаттандырылды.

Сот некелі жары мен асырауында жас балалары бар Бұламбаевтың мүліктік жағдайын ескерген. Осыған байланысты моральдық зиянды өтеу туралы талап арыз ішінара қанағаттандырылды, мәлімделген моральдық зиянның мөлшері 3 млн теңгеден 300 мың теңгеге дейін төмендетілді.

Еске салайық, жол апаты осы жылдың 14 ақпанында Павлодар -Қызылорда тас жолында тіркелді. Сол кезде екі автокөлік соқтығысты – Lexus LX 470 және Lexus LX 570. Алғашқы көлікті Екібастұз ауданының 45 жастағы тұрғыны Қуат Бұламбаев жүргізген. Екінші жолаушы Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауов болды.

Экс-әкімнің сөзінше,  трассамен жүріп бара жатқан кезде екінші «Лексус» көлігінің жүргізушісі бұрылу белгісін қоспай, оның көлігінен баса озған. Ақырында экс-әкімнің көлігі алда кетіп бара жатқан «ГАЗель»-ге соғысқан. Нәтижесінде жолаушы Болат Бақауовтың сол аяғына зақым келген.

Жол-көлік оқиғасынан кейін Қуат Буламбаев оқиға орнынан кетіп қалғанымен, кейін қайтып оралады. Ол оқиға орнынан кетуіне көліктің артқы жағындағы отырғаны қызы айнаға басын соғып алу себеп болғанын айтты. Әйелі екеуі оны жарақаттанған деп ойлап, дәрігерлерге апаруды ұйғарған. Шідерті ауылына жеткен олар жарық аумақта қызының денсаулығы жақсы екеніне көз жеткізеді. Осыдан кейін Бұламбаев бұрылып, жол апаты болған жерге оралды.

Жәбірленуші Болат Бақауов кінәліден 3 миллион теңге моральдық шығынды өндіруді сұрап, сотқа арызданған.

Айта кетейік, Болат Бақауов 2020 жылдың мамырында ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотталған болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.