12-06-24 |
11390 рет қаралған
Ұйғыр ауданында асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуға бөлінген мемлекет қаржысы қолды болған  .
Ұйғыр ауданында асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуға бөлінген мемлекет қаржысы қолды болған  

Жүргізілген сотқа дейінгі тергеп-тексерумен 2023 жылы Алматы облысы Ұйғыр ауданында ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы, аналық қой басының саны және ұрықтандыру тәсілі жайлы шындыққа жанаспайтын ақпаратты қолдана отырып 50 млн теңге субсидия алған. 

Бұнымен тоқтамай, кооператив төрағасы өзінің қылмыстық табысын көбейту және заңдастыру мақсатында субсиялау талаптарын ескермей, түскен мемлекет қаражатының бір бөлігін кооператив депозитына аударып, түскен пайданы өз қажетіне жаратқан.

Сот үкімімен кооператив төрағасы мемлекет қаржысын жымқыру және қылмыстық пайданы заңдастыру бойынша кінәлі деп танылып, 6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.