04-06-22 |
1880 рет қаралған
ҰҚК: Сарбаз өліміне отбасы және тұрмыстық мәселе себеп болған.
ҰҚК: Сарбаз өліміне отбасы және тұрмыстық мәселе себеп болған

Маңғыстау облысында әскери қызметін өтеп жатқан сарбаздың өліміне қатысты ҰҚК ақпарат таратты.

«4 маусымда Маңғыстау облысы бойынша шекара қызметі департаментінде әскери қызметін өтеп жатқан сарбаз «Т» суицид жасады. Белгілі болған ақпаратқа сәйкес, суицид жасауға әскери қызметі емес, отбасы және тұрмыстық мәселелер себеп болған» делінген ақпаратта.

19 жастағы сарбаз Еділ Тешебаевтың Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы шекара қызметінде жүріп суицид жасағаны туралы хабар тараған еді.

Алайда туыстары сарбаздың суицид жасағанына сенбейді.

Әлеуметтік желіде Бегабат Ұзақов есімді қолданушы:

«Бүгін таңғы сағат бес шамасында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы шекара қызметінде мерзімді әскери борышын өтеп жүрген Еділ Бақытұлы Тешебаев (20.03.2003) асылып қалғаны хабарланды. Бір қызығы, әскерилер туыстарына екі түрлі хабар айтқан, – деп жазған еді.

Сондай-ақ президент Тоқаев жиілеп кеткен сарбаздар өліміне ерекше назар аударып, арнайы комиссия құруды тапсырды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясындағы әскери қызметшілер арасында өлім-жітімнің жиілегеніне ерекше назар аударды.

Мемлекет басшысы осындай келеңсіздіктердің себебін тергеп-тексеру, әскери қызметшілер арасындағы заңсыздықтарды жою және келешекте әскердегі мұндай теріс іс-әрекеттерді болдырмау үшін өзінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовтің басшылығымен арнайы комиссия құруды тапсырды.

Осындай жағдайға жол берген офицерлер жазаланатын болады» деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.