01-01-20 |
1600 рет қаралған
Серікболсын Әбділдин дүниеден озды.
Серікболсын Әбділдин дүниеден озды

фото: vlast.kz

Саясаткер Серікболсын Әбділдин дүниеден озды. Қаралы хабарды «Дат» жобасының жетекшісі, журналист Ермұрат Бапи жазды.

«Қазақстан демократиялық қозғалысының пайғамбары Серікболсын аға (Әбділдин) өмірден өтті деген суық хабар келді… Билікке иілмей өткен қайсар, қайтпас адам еді… Қазақстанның тәуелсіздігін Назарбаевтан бұрын жария етіп, «Қазақстанның тәуелсіздік декларациясына» қол қойған тарихи тұлға еді…
Қош бол, асыл аға!» деп жазады Е.Бапи.

Әбділдин Серікболсын(1937 ж.т.) – қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор. (1986). 1982 – 1985 ж. Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, 1985 жылы АӨК-ні басқару жөніндегі Республикалық Жоғары мектептің ректоры, 1986 – 1987 жылы Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі, 1990-1995 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Төрағасы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.