19-05-21 |
1040 рет қаралған
«80 жылдан кейін баспана бұйырады»: Депутат үй кезегін сынға алды.
«80 жылдан кейін баспана бұйырады»: Депутат үй кезегін сынға алды

Елімізде жыл сайын милиондаған шаршы метр баспана салынғанымен, мемлекеттік бағдарламамен баспанаға қол жеткізетіндер аз.  Депутатттар шенеуніктерді сынады.

Өткен жылы тұрғын үй кезегіне тұрғандардың 3 пайызы ғана баспанаға қол жеткізген. Депутат Ирина Смирнова «мұндай қарқынмен кезектің соңында тұрғандар 80 жылдан кейін баспана ала алады» дейді. Арнайы санаттағыларға берілетін пәтерлердің саны да аз.

Енді шенеуніктер жыл сайын 10 мың емес, 37 мың пәтер береміз деп отыр.

 «Жергілікті әкімдіктерде берілетін сертификаттардың сомасы қазіргі таңдағы бағдарлама бойынша 1 миллион теңгеге дейін. Біз өзіміздің ұсынысымыз бойынша оны 2 миллион теңгеге дейін көтеруді ұсынып жатырмыз, ерекше баланы тәрбиелеп отырған отбасыны алайық. Осындай отбасыларға міндетті түрде үйдің тегін берілуін немесе өте төмен пайыздармен берілуін қамтамасыз етуіміз қажет», – дейді парламенті мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев. 

Қазір баспана кезегінде еліміз бойынша 562 мың отбасы тұр. Оның 185 мыңнан астамының табысы әр отбасы мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен, яғни 34302 теңгеден аспайды. Жауаптылар әуелі сол кісілерге берілетін жалдамалы баспананы көбейтеміз дейді. Алдағы бес жылда жыл сайын берілетін 10 мыңға жуық пәтердің санын 37 мыңға көбейтеміз деп отыр.

«Нарықтағы жеке тұрғын үй құрылыс компаниялары салған үйлерге арендаға біз кіргізбекпіз. Ол дегеніміз ол азаматтардың ай сайынғы арендалық төлемі мемлепкетпен 80 пайызы субсидияланатын болады», – дейді Құрылыс және тұрғын-үй коммуналды шаруашылық істері комитетінің басқарма басшысы Әзімбек Нәлібев. 

Әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қалайша баспаналы қыламыз деп бас қатырып отырған шенеуніктер әзірге бір байламға келмеді. Сондықтан мәжілісмендердің айтқан ұсыныстарының кейбірі заңға енбеуі де мүмкін. Бірақ, Нұротаннан сайланған депутаттар көпбалалы, кедей отбасылар, мүгедек жандар мен жетім балаларға 2025 жылға дейін 103 миллион шаршы метр баспана саламыз деген уәдені қайтсек те орындаймыз деп отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.