17-03-24 |
6050 рет қаралған
Алимент төлемеген борышкерлердің көлігі тәркіленуде.
Алимент төлемеген борышкерлердің көлігі тәркіленуде

 Осы жылдың 4 наурызынан бастап Астана қаласы Әділет департаменті, Астана қаласы бойынша жеке сот орындаушылар өңірлік палатасымен, алимент өндіру туралы атқарушылық іс жүргізулер бойынша мәжбүрлеп орындату шараларын қолдана отырып Астана қаласы Полииця департаментімен бірлесе «Борышкер» рейдтік шарасы  өткізілуде.

Аталған рейдтік шара барысында, 04 наурыздан 14 наурыз аралығында алимент бойынша берешегі бар борышкерлердің автокөліктерін айып тұрағына қою бойынша шаралар қабылданды.  Нәтижесінде күні бүгінге жалпы сомасы 23 075 219 теңге алимент берешектері бар борышкерлердің 10 автокөлігі ұсталып, айып тұрағына қойылды.

Жеке сот орындаушылармен аталған автокөліктерді бағалау, сауда-саттыққа шығару жұмыстары жүргізілетін болады.

Аталған рейдтік шара бойынша алдағы уақытта да борышкерлердің мүлкінен  өндіріп алу бойынша шаралар одан әрі жалғасатын болады.

2024 жылдың басынан бастап Әділет депатартаментінің мемлекеттік сот орындаушыларының әкімшілік хаттамалар негізінде Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен алимент санаттары бойынша 38 борышкер ҚР ӘҚБтК 669-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 8 борышкер 2-ден 5 тәулікке дейін қамауға алынды, қалғандарына 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен алимент төлемдерінен  қасақана жалтарған 2 борышкер ҚР ҚК 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сондай – ақ, Астана қаласының Әділет департаментімен Астана қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен және «Астана қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-мен бірлесіп «Бос орындар жәрмеңкесі» өткізуде. Мұндай іс-шаралар алимент төлемдері бойынша борышкерлерді белсенді әлеуметтік өмірге тартуға бағытталған. Бұл бағыттағы  жұмыс жалғасуда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.