24-08-24 |
7290 рет қаралған
Алматыда коммуналдық қызметтің тарифі өзгереді.
Алматыда коммуналдық қызметтің тарифі өзгереді

Алматыда инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы жалғасуда. Желілердің әбден тозуына байланысты тариф өзгермек.

Электр қуаты:

– «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ: +2,53 теңге (ҚҚС-сыз 11,4 теңге/кВтс)

Сумен жабдықтау:

– Халық үшін: +11,78 теңге (ҚҚС-сыз 66,00 теңге/м³)

– Басқа тұтынушылар үшін: +57,22 теңге (ҚҚС-сыз 339,28 теңге/м³)

Су бұру:

– Халық үшін: +12 теңге (ҚҚС-сыз 40,95 теңге/м³)

Жылу энергиясы:

– Тариф 8% өсіп, ҚҚС-сыз 10 484,38 теңге/Гкал болды.

Алматыдағы инженерлік желілердің тозу деңгейі орта есеппен 54%. Тарифтің өсуі желілерді жаңартуға және апатты азайтуға мүмкіндік береді.

Әкімдік әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін қымбаттаған тариф үшін өтемақы төлеуді жалғастырады. Бір жылда 140 мыңнан астам адамға 5,7 млрд теңге көлемінде көмек көрсетілді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.