Қала әкімі Ерболат Досаев келесі жылы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне біржолғы төлемді 2 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін, ал тыл еңбеккерлеріне 50 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін арттырмақ.
Бұл өзгерістер Ардагерлер кеңесінің өкілдерімен кездесуде талқыланып, Жеңіс мерейтойына орай халықаралық акцияның сәтті өткізілгенін атап өтті. Алматыда қазір ҰОС-ның 31 қатысушысы мен 8 мүгедегі тұрады.
«ҰОС ардагерлеріне біржолғы төлемдерді 5 млн теңгеге дейін арттыруға мүмкіндігіміз бар, тыл еңбеккерлеріне төлемді 100 мың теңгеге дейін жеткіземіз, яғни екі есеге арттырамыз. Сіздің өтінішіңіз негізінде келесі жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде мәслихатқа осындай ұсыныс енгіземіз», – деді Ерболат Досаев.
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024