Logo
Іздеу
Айдарлар

Алматыда вакцина салдыруға болатын сауда орталықтарының тізімі жарияланды.

/
Алматыда вакцина салдыруға болатын сауда орталықтарының тізімі жарияланды.

Алматы қаласында 31 сауда және ойын-сауық орталықтарында вакцинация пункттері ашылатыны хабарланды.

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілі Лаура Мырзағали Алматыдағы вакцина егуге болатын сауда орталықтарын атады. 

«Алатау ауданында «Бақорда» сауда-ойын-сауық орталығын қарастырудамыз. Әуезов ауданында — Спутник, Гранд Парк, Мәскеу, Азия паркі. Бостандық ауданында — ADK, Mega Center Алматы, Esentai mall, Форум, Атакент сауда орталықтарында екпе жасата аласыз. Жетісу ауданында — Максима, Мерей, және Адем. Медеу облысында — Достық Плаза, GUM. Түрксіб ауданында — Наурыз сауда орталығы», — деді Лаура Мырзағали.

Естеріңізге сала кетейік, 25 наурызда алматылықтарға сауда ойын-сауық орталығы мен базарларда екпе жасалатыны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары