20-02-24 |
7130 рет қаралған
Астанада қоқыстарды уақытылы шығаруға коммуналдық қызметтің қауқары жетпей жатыр.
Астанада қоқыстарды уақытылы шығаруға коммуналдық қызметтің қауқары жетпей жатыр

Астана әкімдігі қаладағы қоқыстардың неліктен уақытылы шығарылмай жатқанын түсіндірді.

Қала билігінің мәліметінше, соңғы жылдары қала тұрғындары күрт өскен, ал қоқысты шығаруға жауапты мекеме техникаларының жетіспеушігіне байланысты кешеуілдеп жатыр.

«Қала өсті. Халық санының өсуі ресми түрде 1,4 миллион адам. Қалаға қызмет көрсететін жалғыз компания «Clean City NC» ЖШС-і 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ресми түрде бұл компанияның ресурстары сол кездегі 700-750 мың халыққа есептелген. Бірақ халық санының өсуі өз деңгейінен күрт асып түсті. Әрине, бұл қоқысты шығару кестесіне және техникалық жабдықты жаңғыртуға әсер етеді. Қазір қалада 87-ден астам бағыт жұмыс істейді, 4 мыңнан астам учаскеде 16 мыңнан астам контейнер орнатылған. Бірақ бұл жеткіліксіз», – дейді Астана қаласы әкімдігінің қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы Айдар Рашид.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде 2024 жылдың наурыз айында қоқыс жинайтын компаниялар арасында жаңа конкурс жарияланады: елорданың әр ауданына бір компания. Осылайша, Астанада қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен 5 кәсіпорын айналысатын болады.

«Біз мердігерлерге жаңа машиналар босын деген талап қойып отырмыз. Көлік саны әр ауданға халық санына қарай бөлінуі керек», — деді Айдар Рашид.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.