13-03-24 |
5420 рет қаралған
Атырау мектептерінде сотталғандар жұмыс істеп келген.
Атырау мектептерінде сотталғандар жұмыс істеп келген

Атырау облысындағы мектептерде зорлық бойынша сотталғандар жұмыс істеп келген. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

«Бас прокуратураның тапсырмасы негізінде барлық меншік нысанындағы білім беру ұйымдарында 1200-ден астам бұзушылық (қауіпсіздік, құрылыс, мемлекеттік сатып алу, білім беру сапасы, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар, өрт қауіпсіздігі және т.б.) фактілері анықталды. Мәселен, мектептерге кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты және денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 3 адам жұмысқа орналастырылған», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жоғары сынып оқушыларының ұрып-соғу фактілерін және басқа да құқыққа қарсы іс-қимылдарды жасырғаны үшін ӘҚБтК-нің 127-1-бабы бойынша 5 мектеп директоры әкімшілік жауаптылыққа тартылды (кәмелетке толмағандар жасаған құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы хабарламау).

«16 мемлекеттік және 1 жекеменшік мектепте тыйым салынған интернет-контентке еркін қол жеткізу фактілері анықталды. Қазіргі уақытта осы сайттарға қолжетімділік шектеліп, кінәлі тұлғалар ӘҚБтК 409-бабының 7-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды (білім беру ұйымдарының Интернет желісіне білім алушылардың қолжеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамауы). Барлығы 129 мемлекеттік және 11 жекеменшік мектеп тексерумен қамтылып, нәтижелері бойынша заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы 91 ұсыныс енгізілді, 108 заңды және 55 лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды, 1 адам жалған дипломды пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, осыған ұқсас фактілер бойынша тағы 2 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, 353 млн теңге сомасына негізсіз жоспарланған мемлекеттік сатып алу тоқтатылды», – делінген хабарламада.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.