13-03-24 |
5940 рет қаралған
«Бірақ…» бағдарламасы жабылды.
«Бірақ…» бағдарламасы жабылды

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Хабар» арнасынан көрсетілген «Бірақ…» бағдарламасы бүгін қоғамның наразылығынан кейін жабылғанын мәлімдеді.

Министр отбасылық құндылықтарды насихаттау, ана мен баланы қорғау жөніндегі қызметті үйлестіру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылды насихаттау Министрліктің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

«Өз кезегінде, 11 наурыздан бастап «Хабар» арнасында  отбасындағы әлеуметтік мәселелерін көтеріп, оны шешуге бағытталған «Бірақ…» бағдарламасының шығарылымы ұйымдастырылды. Алайда, тікелей эфирдегі берілген шығарылымда редакция бағдарламаның діттеген мақсатына жете алмай, кейіпкерді жаңылыстыру арқылы қоғамда түрлі пікірлер туындатты», – деді министр.

Оның айтуынша, мемлекеттік идеологияны жүргізіп отырған мемлекеттік телеарна бұндай олқылыққа жол бермеуі тиіс.

«Ең алдымен, редакция барлық этикалық нормаларды сақтап,  отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық пен арандатушылыққа жол бермеуге, кейіпкерлерді көпшілік алдында қорламау қажет еді.Сондықтан телеарна редакциясына бұл үлкен сабақ болады деп санаймыз. Аталған ток-шоу жабылады», – деді А.Балаева.

Бұған дейін «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы болып Кемелбек Ойшыбаев аталған жайтқа қатысты түсініктеме беріп, көпшіліктен кешірім сұраған болатын.

««Бірақ…» бағдарламасының эфирге шыққанына 2 күн ғана болды. Жобаның басты мақсаты – қоғамды алаңдатып отырған әлеуметтік мәселелер, тұрмыстық зорлық-зомбылық, отбасылық құндылықтар және басқа өзекті мәселелерді көтере отырып, спикерлер, психологтар, заңгерлер мен басқа да сала мамандарымен бірлесіп, талқылау және шешу жолдарын іздеу.

Кешегі эфирде бір отбасының мәселесін көрсету арқылы, мүмкіндігінше ерлі-зайыптыларды татуластырып жіберуді көздеген едік. Өкінішке қарай, бұл мүмкін болмады. Сондықтан біздің бағдарламаға қатысқан кейіпкерлерден де, көрерменнен де кешірім сұраймыз», – деді телеарна басшысы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.