Журналистер Алексей Цойдан «Мемлекет басшысы берген бір ай уақыттың ішінде қанша адам вакцинацияланса, сіз отставкаға кетпейсіз» деген сұрақтың жауабын алды.
Министр бұл мәселені мемлекет басшысы өзі шешетінін, қазіргі мақсат – қолдан келгенше халықты вакцинациялау екенін айтты.
«Бұл жерде ең басты нәрсе халыққа вакцина жеткізуді қамтамасыз ету. Ал вакцинациялау қаншалықты жүйелі жүзеге асқанына мемлекет басшысы өзі баға береді. Нақты осынша адам вакцина алу керек деген талап жоқ. Біздің мақсатымыз – Қазақстанға вакцина алып келіп, вакцина салу орталықтарын ұйымдастыру. Біз осы тұрғыда жұмыс істеп жатырмыз. Мұның барлығы вакцинаның нарықтағы қол жетімділігіне байланысты болмақ. Біз тиісті нәтижеге қол жеткізіп, халықты толық вакцинациялауға тырысамыз», – дейді Алексей Цой.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024