20-05-21 |
880 рет қаралған
Депутат біреудің атынан несие алатындардан сақтанудың жолын ұсынды.
Депутат біреудің атынан несие алатындардан сақтанудың жолын ұсынды

Мәжіліс депутаты Айгүл Құспан елімізде рәсімделген несиеден бас тарту үрдісін енгізу қахеттігін айтты. Ол осылайша қазақстандықтарды алаяқтардан қорғауға болатынына сенімді.

Тұрғындардың арасында өзі рәсімдемеген несиені төлеуге мәжбүр адамдардың саны көбейген алға тартқан  депутат бүгінде мұндай бастама Ресейде көтерілгенін атап өтті. 

«Мұны нағыз апат деп айтуға болады: айтып отырғаным мемлекетіміздің қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, біздің азаматтарымыздың сеніміне нұқсан келтіреді. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, коллекторлық ұйым немесе сот орындаушылары азаматқа келіп, оның төленбеген несиесі туралы айтып тұрса, оның жағдайы не болмақ? Немесе шетелге саяхаттауғабара жатқан азаматты Қазақстаннан шығармай қойса ше? Мұндай жайттарды естіп те, көріп те жүрміз», – дейді мәжіліс депутаты Айгүл Құспан. 

Жаңа заң бойынша азамат ерікті түрде несиеден бас тарта алады. Бұл дегеніміз егер қазақстандық өзінің атына басқа біреудің рәсімдеген несие жайлы бірнеше айдан кейін білсе, онда оның бұл қарызды төлемеуге құқығы болады. Қаржы ұйымдары да мұндай азаматтардан несиені өтеуді талап ете алмайды. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.