Мәжіліс депутаты Ерлан Смайылов мүмкіндігі шектеулі жандардың зейнет жасын 63-тен 55 жасқа дейін төменетуді ұсынды.
«Мүгедек адамдар үшін зейнетақы жасын төмендету мәселесі денсаулық жағдайының факторларын, диагнозы мен ауруын, еңбек сипатын және басқа жағдайды ескере отырып кешенді шешілуі тиіс. Бірақ оларға зейнетке шығудың орташа жасы көп балалы аналарға ұқсас 55 жас болуы керек», – деді депутат Ерлан Смайылов.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша, елде 600 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Оның ішінде 85 мың адам жұмысқа қабілетті. Қазіргі күні еңбек майданында 45 жастан асқан 50 мың мүмкіндігі шектеулі жан жүр.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024