17-02-21 |
1150 рет қаралған
Елімізде әлеуметтік салаға халықтан көп шағым түседі.
Елімізде әлеуметтік салаға халықтан көп шағым түседі

Агенттік өкілдері халық жиі шағым түсіретін мемлекеттік қызмет  түрлерін атады. Елімізде әлеуметтік сала, жер қатынасы, тұрғын үй шаруашылығына қатысты кемшіліктер жиі тіркеледі.

Елордада ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің мемлекеттік қызмет департаментінің директоры Елдар Үйсімбаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

«Қазақстанда ең жиі сұралатын мемлекеттік қызметтердің бірінші легінде дәрігерге жазылу қызметі тұр. Бірақ бұл санатта кемшілік баршылық. Мемлекеттік тіркеуге міндетті емес жылжымалы мүлікті тіркеу мәселесінде де техникалық ақау жиі кездеседі. Осы ретте халықтың орынды сынын ескеріп, тиісті шешім қабылдау үшін агенттік мемлекеттік органдарға ақпараттық жүйелерін апробациядан өткізуді ұсынып жатыр», – деді Елдар Үйсімбаев.

Мемлекеттік қызметте әлеуметтік сала, тұрғын үй, жер қатынастарына қатысты шағым көп.

«2020 жылы агенттік пен оның аймақтардағы бөлімдеріне 1442 шағым келіп түсті. Көп жағдайда жер қатынастары, әлеуметтік сала, тұрғын үй шаруашылығы саласында қызмет көрсететін мемлекеттік қызметшілердің жұмысына шағым көбірек түседі», – деді ол.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.