Қазақстанның оңтүстік облыстарында халық саны артып, солтүстік облыстарда азайып келеді. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыру бағдарламасын нәтижесіз деп атады.
«Бүгінде оңтүстік және батыс мегаполистерінде халық саны артып келеді. Ал солтүстік өңірлерде төмендеу үрдісі байқалады. Соңғы бірнеше жылда Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында халық саны азайған. Сонымен бірге, оңтүстіктен солтүстікке ерікті қоныс аудару бағдарламасы күткен нәтиже бермегенін мойындау керек», – деді Әшімбаев Сенатта.
Қазір елімізде демографиялық өсім байқалады. Еліміздегі азаматтардың орташа жасы айтарлықтай төмен – 32 жас. Азаматтардың өмір сүру ұзақтығы да артты. Ұлттық статистика басқармасының мәліметінше, 2022 жылы бұл көрсеткіш 74,4 жасты құрады.
Ақпан айында Парламент Мәжілісі көші-қон туралы заң жобасын екінші оқылымда қарады. Ол қазақстандықтарды еліміздің оңтүстік өңірлерінен солтүстікке көшуге ынталандыруы керек.
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024