30-01-24 |
5420 рет қаралған
Халықтың зейнетақы жинағы пойыз вагондарын сатып алуға жұмсалмақ.
Халықтың зейнетақы жинағы пойыз вагондарын сатып алуға жұмсалмақ

Қазақстандықтардың 173 млрд теңге зейнетақы жинақтары жолаушылар вагонын сатып алуға жұмсалмақ.  Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.

«Бұл инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға, атап айтқанда, өте қажет жолаушы жүк вагондарын сатып алуға көмектеседі, жолаушылар вагондарының 50-70%-ы тозған. Вагондар отандық өндірушілерден жеткізілетін болады, тиісінше, ақша экономикамызда қалады, нәтиже тиімді болады, жаңа жұмыс орындары ашылады», –  деді Қуантыров сейсенбіде үкімет брифингінде.

29 қаңтарда Ұлттық банк қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарынан 173 миллиард теңгеге «Бәйтерек» холдингінің борыштық бағалы қағаздарын сатып алғаны белгілі болды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.