Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жәрдемақылардың нақты мөлшері жақын күндері белгілі болады деп мәлімдеді.
«Көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі. Қазір есеп дайындалып жатыр. Арнайы комиссия есебі дайын болғанда, жақын арада жариялаймыз. Жәрдемақының қазіргі мөлшері аз деп ойлаймын» деді министр.
Көп балалы аналардың үкіметтен жәрдемақыны өсіріп, басқа жеңілдіктер жасауын талап еткен жиындары республика аумағында өткен еді. Оған 4 ақпанда Астанада өрттен қайтыс болған бес баланың қазасы себеп болған болатын. Содан кейін ел ішінде көп балалы отбасылардың әлеуметтік мәселесі жаппай көтеріліп, әкімдер аналарды қабылдап, үкімет арнайы комиссия құрғаны мәлім.
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024