АҚШ-тағы соңғы президент сайлауына Ресейдің қатысы бар-мыс делінген халықаралық дау әлі де болса басылар емес. АҚШ та арнайы тергеу ісі жүріп жатыр. Мұны айтып отырған себебіміз, киберқауіпсіздіктің жаһанданған жаңа технологиялар заманындағы киберқауіпсіздік мәселесінің қаншалықты өзекті екенін аңғарту.
Бүгінгі әлемді интернетсіз, гаджеттерсіз және онлайн жүйелерсіз елестету әсте мүмкін емес. Әр адамның күнделікті өміріне дендеп енген ақпараттық технологиялар біздің өмірімізді жеңілдетіп, уақытымызды үнемдеп, жүздеген қызметтерді үйде, кеңседе немесе кез келген жерден алуға мүмкіндік бергенімен оның да өз қауіп-қатерлері жеткілікті. Мәселен, бүкіл әлем электронды қаржылық қызметтерге көшкен. Адамның мыңдаған қажеттіліктері онлайн түрде жүзеге асырылады. Мемлекеттің әралуан қызметтері де ашық электронды қызметке көшуімен бірге оларға төнетін әртекті қауіптер де баршылық. Мысалы, ақпараттық жүйелерді бұзу, азаматтардың жеке деректерін қолды ету, қаржылық алаяқтық сынды қауіптер әрбір елдің киберқауіпсіздік барынша күшейтуіне алып келді.
Әлемдік индекс бойынша, киберқауіпсіздігі күштілігі жағынан алғашқы орында Израиль тұр. Ал АҚШ та 2003 жылы киберқауіпсіздік стратегиясы қабылданды. Мұндай құжат Германияда 2011 жылы қабылданса, Эстонияда 2013-2017 арналған арнайы құжат қабылданып, жүзеге асқан.
Түрлі кибершабуылдар Қазақстанды да айналып өткен емес. Мәселен, жиі веб-шабуылдарға ұшырайтын елдер тізімінде Қазақстан 6-шы орында және пайдаланушыларының саны жағынан мобильдік құрылғыларға арналған троян-бопсалаушылармен шабуылданғандар ішінде 9-шы орында тұр. Бұл бір ғана мысал. Сөйтіп, ақпараттық технологиялармен қатар келген осындай қауіп-қатердің алдын алу да өзге елдермен қатар Қазақстанда өз киберқауіпсіздік тұжырымдамасын қабылдады. Жалпы Елбасының бастамасымен жүзеге асып жатқан бұл құжат дер кезінде қабылданған дүние деуге әбден болады. Өткенге көз салсақ, ақпараттандыру мен байланыс аясында ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік) саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында 2016 жылғы 6 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды. Және Үкіметке Ақпараттық қауіпсіздік комитетін құруды қамтамасыз ету тапсырылды. Осылайша, елімізде киберқауіпсіздікпен айналысатын арнайы мекеме пайда болды. Бұл, әрине, ақпараттық қауіпсіздік қамтамасыз етуде өте маңызды қадам.
Киберқауіпсіздік мемлекеттік маңызы бар әрі ақпараттық уақыттың тудырып отырған талабы болғандықтан кадр дайындау да аса өзекті. Осыны ескерген үкімет жоғарғы оқу орнына түсетін талапкерлер үшін киберқауіпсіздік саласында мемлекеттік грат санын көбейткен. Ақпараттық қауіпсіздік мәселесінде әрбір адамның сауатты болуы да маңызды. Мәселен, былтырдан бері елдегі барлық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін оқытыла бастады. Бұл да киберқауіпсіздіктің қаншалықты өзекті екенін көрсетсе керек.
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024