22-09-22 |
1760 рет қаралған
Әлеуметтік кодекс жобасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүруде.
Әлеуметтік кодекс жобасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүруде

Қазақстан өңірлерінде Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауының әлеуметтік-еңбек саласындағы негізгі бағыттарын және ҚР Әлеуметтік кодексі жобасының нормаларын халыққа түсіндіру мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұйымдастырған кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру науқаны басталды. 22 қыркүйекте құрамына Министрліктің өкілдері мен еншілес ұйымдардың басшылары енген мобильді топтар Атырау, Жамбыл және Қостанай облыстарында жұмысын бастады.

Өңірлерге келгеннен кейін мобильді топтардың басшылары әлеуметтік-еңбек саласына жетекшілік ететін облыс әкімдерінің орынбасарларымен кездесулер өткізеді. Осыдан кейін мобильдік топтар мәслихаттар депутаттарымен, халықпен, жұмыс берушілермен және еңбек ұжымдарымен, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдарының қызметкерлерімен, жастармен, ұжымдармен және медициналық-әлеуметтік мекемелердегі қамқорлықтағы адамдармен кездесулер өтетін аудандарға барады.

Қазақстандықтарға Отбасының цифрлық картасын енгізу, жұмыспен қамту саласындағы жаңа саясат, жаңа көші-қон саясаты, балалы отбасыларды қолдау шаралары, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту, зейнетақы төлемдерін арттыру туралы айтылады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.