05-11-24 |
2170 рет қаралған
Маңғыстау облысында науқастарға мүгедектік пен жәрдемақы берілмей келген.
Маңғыстау облысында науқастарға мүгедектік пен жәрдемақы берілмей келген

Маңғыстау облысының прокуратурасы онкологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуге жіберу тәртібінің заңдылығының жай-күйіне талдау жүргізіп, бірқатар олқылықты анықтағандарын мәлімдеді.

Қолданыстағы заңнама талаптарына қарамастан, 3-4 топтағы онкологиямен ауыратын және паллиативтік көмек алатын 661 адамның мүгедектікті ресімдеу және кепілдік берілген әлеуметтік жәрдемақыны алу мүмкіндігінен айырылған..

«Осылайша, емдеуші дәрігерлер көрсетілген науқастарға қатысты, кейбіреулері бес жылдан астам «Д» есебінде тұрған, мүгедектікті, еңбек қабілетін жоғалту дәрежесін және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша жұмыстар атқарылмаған. Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында прокурорлық қадағалау актісі енгізілді», – делінген хабарламада.

Бүгінгі күні заң бұзушылықтар жойылды, Денсаулық сақтау басқармасы аталған тұлғаларды медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуге жіберу жұмыстарын жүргізуде.

Бұл процесс облыс прокуратурасының бақылауында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.