Logo
Іздеу
Айдарлар

Маңғыстауда экологияны бұзған компанияға 7,8 миллион теңге айыппұл салынды.

/
Маңғыстауда экологияны бұзған компанияға 7,8 миллион теңге айыппұл салынды.

Табиғат қорғау прокуратурасымен талдау барысында экологиялық заңнаманың бұзу фактілері анықталды.

Атап айтқанда, жер қойнауын пайдаланушы «Жалғызтөбемұнай» ЖШС 2024 жылдың 1-11 қаңтар аралығында экологиялық рұқсатсыз мұнай және ілеспе газ өндіруді жүзеге асырған.

Прокурорлық қадағалау актісімен аталған мекеме  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Айыппұл сомасы 7,8 млн теңгені құрады.

Серіктес жаңалықтары