Астана қаласының Полиция департаменті DALA INSIDE және 365info.kz басылымдарына қатысты жалған ақпарат тарату бойынша қозғалған іс тоқтағанын мәлімдеді.
Полицияның мәліметінше, елорда тұрғыны «365info.kz» және «DALAINSIDE» интерфейстерінде жалған ақпарат тарату фактісі бойынша өтініш білдірген, артынша сотқа дейінгі тергеу тіркелген.
Қылмыстық іс аясында тиісті сараптама тағайындалады. Істің барлық мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілген.
«Барлық тараптардың дәлелдерін зерделеу қорытындысы бойынша іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды», – делінген хабарламада.
Айта кетсек, бұған дейін Dala news басылымы G-Park құрылыс компаниясы тарапынан қысым көрсетіліп, сотқа беріп жатқаны туралы мәлімдеп, үндеу жариялаған болатын.
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024