24-05-21 |
880 рет қаралған
Полиция: Қазақстандықтар әлеуметтік желі арқылы қылмыскерді үйіне шақырады.
Полиция: Қазақстандықтар әлеуметтік желі арқылы  қылмыскерді үйіне шақырады

ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов қазақстандықтар әлеуметтік желілер арқылы қылмыскерлерді пәтерлеріне келуге өздері арандатады деп мәлімдеді.

«Негізінен, әлеуметтік желілерді пайдаланатын азаматтар ұрыларды өз пәтерлеріне келуге шақырады. Себебі олар үйінің орналасқан жерін, қандай машинада жүретінін немесе, мысалы, қазіргі уақытта қаладан тыс жерлерде және курорттарда екенін көрсетеді. Осы уақытта пәтер қараусыз қалады. Олардың өзі ықтимал қылмыскерлерге орналасқан жері туралы хабарлайды», – деді Қанат Нұрмағамбетов.

Оның айтуынша, ұрылар адам өзімен бірге алып кетуіне болатын зергерлік бұйымдарды, ақшаны және басқа да ұсақ заттарды ұрлайды.

Қанат Нұрмағамбетов, әдетте, мұндай қылмыстар күндізгі уақытта, үй иелерінің өздері мен балалары жұмыста және мектепте болған кезде болады деп атап өтті.

«Ең көзге түсетіндері – 1 және 2 қабаттарда орналасқан пәтерлер. Оның үстіне, егер бұл пластикалық терезелер мен темір торлары жоқ терезелер болса. Одан кейін өрт баспалдақтарының жанындағы терезелер. Сондай-ақ, егер есіктер ағаш болса және әлсіз құлыптармен жабдықталған болса. Үйдің кіреберісі мен периметрі бойынша бейнекамералардың болмауы маңызды рөл атқарады, – деді криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.