04-07-24 |
8250 рет қаралған
 ҚазҰУ-ғы қайғылы жағдайдан кейін Алматыдағы жеке субұрқақтар коммуналдық қызметке берілмек.
 ҚазҰУ-ғы қайғылы жағдайдан кейін Алматыдағы жеке субұрқақтар коммуналдық қызметке берілмек

Қазірдің өзінде мегаоплистегі 66 субұрқақтың 60-ы ретке келтірілген, қалғандары жаңғыртылып жатыр. Сондай-ақ, жеке аумақтардағы субұрқақтарды тазарту және жаяу жүргіншілер субұрқақтарына қызмет көрсету жұмыстары жүргізілуде.

Көбінесе жеке меншіктегі субұрқақтар қараусыз қалады, жұмыс істемейді немесе күрделі жөндеуді қажет етеді.

Аудан әкімдіктері мен «Eco Almaty» ЖШС жеке меншік иелерінің субұрқақтарына қызмет көрсету қажеттілігі туралы түсіндіреді. Соның нәтижесінде екі субұрқақтың иесі оларды қалаға беруге дайын екендіктерін білдірді.

Алматыда барлығы 150 субұрқақ бар, оның 66 коммуналдық және 84 жекеменшік. Акция 6 шілдеге дейін жалғасады және қала инфрақұрылымына ұқыпты қарауды қалыптастыруға және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған.

Айта кетейік, 19 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аумағындағы субұрқақта 17 жастағы бозбаланы тоқ соғып, қайтыс болған еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.