03-04-24 |
2490 рет қаралған
Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төленіп жатыр.
Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төленіп жатыр

Бір апта ішінде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар 60 млн теңгеге 327 өтініш берген.

1 сәуірдегі жағдай бойынша барлық өтініштер қанағаттандырылып, арызданушыларға материалдық көмек көрсетілген.

Бір отбасына берілетін 50 АЕК көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем 184,6 мың теңгені құрады.

Екінші маңызды бағыт – су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу. Төлемді тағайындау мүлікке, оның ішінде тұрғын үй, техника және малға келтірілген залалды бағалау жөніндегі комиссияның жұмысын қамтиды.

Тиісті көмек алу үшін зардап шеккен аудан тұрғындары құжаттарын қоса тіркей отырып, учаскелік комиссия немесе ауылдық округ әкіміне өтініш жазуы қажет.

Қазіргі уақытта зардап шеккен аудандарда келтірілген залалды бағалау жөніндегі комиссиялардың жоспарлы жұмысы жалғасуда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.